HP Officejet 6600 - Веб-қызметтерді қолданатын ақаулықтар

background image

Веб-қызметтерді қолданатын ақаулықтар

HP ePrint және принтер бағдарламалары сияқты веб-

қызметтерді қолдану кезінде ақаулықтар туындаса,

келесілерді тексеріңіз:

Принтердің Интернетке сымсыз қосылым немесе

Ethernet арқылы жалғанғанын тексеріңіз.

Ескертпе: Принтер USB кабелі арқылы

қосылған болмаса, осы веб-мүмкіндіктерді

қолдана алмайсыз.

Принтерде өнімнің соңғы жаңартулары

орнатылғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін

«Принтерді жаңарту» бетінде 34 бөлімін қараңыз.

Ескертпе: Принтер үшін міндетті жаңарту

талап етілсе, жаңарту орнатылмайынша

Веб-сервисы (Веб-қызметтер) өшіріледі және

қол жетімді болмайды. Жаңарту

орнатылғаннан кейін қайтадан Веб-сервисы

(Веб-қызметтер) параметрін орнатыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін «Веб-қызметтерді

орнату» бетінде 32 бөлімді қараңыз.

Веб-қызметтердің принтерге қосылғанын

тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін «Веб-

қызметтерді орнату» бетінде 32 бөлімді қараңыз.

HP ePrint қызметін қолданатын болсаңыз, келесі

әрекеттерді тексеріңіз:
• Принтер электрондық пошта мекенжайының

электрондық пошта хабарламасының «Кімге»

жолында тізімделген жалғыз мекенжай екенін

тексеріңіз. «Кімге» жолында басқа электрондық

мекенжайлар тізімделген болса, жіберілетін

тіркемелердің басып шығарылмауы мүмкін.

• HP ePrint талаптарына сәйкес келетін

құжаттардың жіберіп жатқандығын тексеріңіз.

Қосымша ақпарат алу үшін «HP ePrint

нұсқаулықтары» бетінде 33 бөлімін қараңыз.

Интернетке қосылғанда желі прокси параметрлерін

қолданатын болса, енгізіліп жатқан прокси

параметрлерінің дұрыстығын тексеріңіз:
• Қолданылатын веб-шолғыш арқылы (Internet

Explorer, Firefox немесе Safari сияқты)

пайдаланылатын параметрлерді тексеріңіз.

• Прокси серверге пайдаланушы аты және құпия

сөз қажет болса, мәліметтердің дұрыс

енгізілгенін тексеріңіз.

• Желіаралық қалқанды орнатқан АТ әкімшісімен

немесе адаммен бірге тексеріңіз.

Желіаралық қалқан қолданатын прокси

параметрлері өзгертілген болса, принтердің

басқару тақтасында немесе енгізілген веб-

серверде де осы параметрлерді жаңарту қажет.

Бұл параметрлер жаңартылған болмаса, веб-

қызметтерді қолдана алмайсыз.

Қосымша ақпарат алу үшін «Веб-қызметтерді

орнату» бетінде 32 бөлімді қараңыз.

Кеңес: Веб-қызметтерді орнату және пайдалану

туралы қосымша анықтаманы алу үшін

www.eprintcenter.com) торабына өтіңіз.

5-қадам. Компьютердің желіңізге Виртуалды жеке желі

(VPN) арқылы қосылып тұрмағанын тексеріңіз

Виртуалды жеке желі (ВЖЖ) — ұйымның желісіне

қашықтан, қауіпсіз қосылымды беру үшін Интернетті

қолданатын компьютер желісі. Дегенмен, көптеген

ВЖЖ қызметтері компьютер ВЖЖ желісіне қосылған

кезде жергілікті желідегі жергілікті құрылғыларға

(принтер сияқты) қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Принтерге қосылу үшін, ВЖЖ желісінен ажыратыңыз.

Кеңес: ВЖЖ желісіне қосылғанда принтерді

қолдану үшін, принтерді компьютерге USB

кабелі арқылы қосуға болады. Принтер бірдей

уақытта USB кабелін және желі қосылымдарын

қолданады.

Қосымша ақпарат алу үшін сымсыз желі әкімшісімен

немесе желіні орнатқан адаммен байланысыңыз.

background image

Қа

зақша

52