HP Officejet 6600 - Принтерді орнату ақаулықтары

background image

Орнату ақаулықтарын шешу

Келесі бөлімдер принтерді

орнату кезінде туындауы мүмкін

ақаулықтар бойынша анықтаманы

береді.

Пайдаланушы нұсқаулығын қалай орнатамын?

НР бағдарламалық құралын орнатқан кезде

таңдалған параметрге байланысты компьютерде

пайдаланушы нұсқаулығын орнату мүмкін

болмайды.
Пайдаланушы нұсқаулығын орнату үшін, келесі

қадамдарды аяқтаңыз:
1. Компьютерге принтермен берілген

бағдарламалық құралдың ықшам дискісін

салып, экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.

2. Ұсынылатын бағдарламалық құрал көрсетілетін

экранда амалдық жүйеге арналған параметрді

таңдаңыз:

Windows: «Анықтама» деп аталатын

параметрді таңдаңыз.

Mac OS X: Рекумендуемое ПО HP (НР

ұсынатын бағдарламалық құрал) параметрін

таңдаңыз

3. Пайдаланушы нұсқаулығын орнатуды аяқтау

үшін экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.

Кеңес: Егер HP бағдарламалық жасақтама CD

дискісі табылмаса немесе компьютерде

CD немесе DVD дискенгізгісі болмаса, НP

бағдарламалық жасақтамасын HP қолдау

веб-сайтынан жүктей аласыз

(www.hp.com/go/customercare). Осы веб-

тораптан принтерді іздеп,

Скачивать

ПО и драйвер (Бағдарламалық құралды

және драйверді жүктеп алу) параметрін

таңдаңыз. Бағдарламалық құрал жүйесін

нұқып, драйверді жүктеу үшін параметрді

таңдаңыз да, «Толық мүмкіндіктегі

бағдарламалық құрал мен драйверлер» деп

аталатын параметрді таңдаңыз.

Толығырақ ақпарат керек болса,

пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Пайдаланушы нұсқаулығын табу туралы

ақпаратты «Пайдаланушы нұсқаулығы

қайда?» бетінде 30 бөлімінен қараңыз.

(Қуат) шамының қосылғанын және

жыпылықтап тұрмағанын тексеріңіз. Принтерді

алғаш рет орнатқанда, дайындыққа шамамен 45

секундтай уақыт жұмсалуы мүмкін.

Бастапқы экранда принтердің көрсетілетінін және

принтердің басқару тақтасында ешбір басқа

шамдардың жанып тұрмағанын немесе

жыпылықтап тұрмағанын тексеріңіз.

Науаға дұрыс қағаз өлшемінің жүктелгенін және

принтерде қағаздың кептеліп қалмағанын

тексеріңіз.

Барлық есіктер мен қақпақтарды дұрыс

жапқаныңызды тексеріңіз.

background image

47

Қа

зақша

47

Орнату ақаулықтарын шешу

Факсты орнату ақаулықтары

Бұл бөлім принтер үшін факсты орнатқан кезде

туындауы мүмкін ақаулықтарды шешу туралы

мәліметтерді қамтиды.

Ескертпе: Егер принтер факс аппараты үшін

дұрыс орнатылмаған болса, факстарды жіберу

немесе алу бойынша ақаулық туындауы мүмкін.

1-қадам: Факс орнатылымын тексеру

Принтердің күйін тексеріңіз және оның факс жұмысы

үшін дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Қосымша

ақпарат алу үшін «Факсты орнату және пайдалану»

бетінде 35 бөлімін қараңыз.

Кеңес: Қате коды бар факс байланысының

қатесін алған болсаңыз, НР қолдау көрсету

веб-торабында (www.hp.com/go/customercare)

қате кодының түсіндірмесін табуға болады.

Сұралғанда елді/аймақты таңдап, Поиск (Іздеу)

жолағына «факс қатесінің кодтары» деп теріңіз.