Принтерді қолдану
Осы принтерді сатып алғаныңызға рахмет! Принтерде
құжаттар мен фотосуреттерді басып шығаруға,
қосылған компьютерге құжаттарды сканерлеуге,
көшірмелерді жасауға, факстарды жіберуге және
қабылдап алуға болады.
Пайдаланушы нұсқаулығы қайда?
Осы принтерге арналған пайдаланушы нұсқаулығы («Анықтама» деп те
аталады) НР бағдарламалық құралы орнатылған кезде компьютерде
орналасады.
Бұл нұсқаулық төмендегі тақырыптар туралы ақпаратты қамтиды:
•
Ақаулықтарды жою ақпараты
•
Қолдау көрсетілетін басып шығару жабдықтары мен керек-жарақтары
туралы мәлімет (принтер үшін қол жетімді болғанда)
•
Принтерді қолдануға арналған толық нұсқаулар
•
Маңызды жазбалар, қоршаған орта және реттеу туралы мәліметтер
Бұл нұсқаулықты HP басып шығару бағдарламалық құралынан (Microsoft
®
Windows
®
) немесе Анықтама
мәзірінен (Mac OS X) ашуға болады:
•
Windows: Пуск (Бастау) параметрін таңдап, Программы (Бағдарламалар) немесе Все программы
(Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдап,
HP қойындысын нұқып, НР принтеріне арналған қалтаны
таңдаңыз да,
Справка(Анықтама) түймешігін басыңыз.
•
Mac OS X: Табу құралынан Справка (Анықтама) > Справка Mac (Mac анықтамасы) тармақтарын
таңдаңыз. Анықтаманы қарап шығу құралы терезесінде Mac анықтамасы қалқымалы мәзірінен
принтерді таңдаңыз.
Сондай-ақ, осы нұсқаулықтың Adobe Acrobat нұсқасы HP қолдау көрсету веб-торабында
(www.hp.com/go/customercare) қол жетімді болады.
Кеңес: Компьютерде пайдаланушы нұсқаулығын табу мүмкін болмаса, НР бағдарламалық құралын
орнатқан кезде оның компьютерге көшірілмеген болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
«Пайдаланушы нұсқаулығын қалай орнатамын?» бетінде 46 бөлімін қараңыз.
Еуропалық одаққа арналған реттеу және сәйкестік мәліметтері пайдаланушы нұсқаулығының
«Техникалық мәліметтер» бөлімінде (Сондай-ақ, «Анықтама» деп те аталады) қол жетімді болады.
Сондай-ақ, сәйкестік мағлұмдамасы да келесі веб-торапта қол жетімді: www.hp.eu/certificates.
Факстарды сканерлеу, көшіру және жіберу үшін
принтердің басқару тақтасын қолдануға болады.
Параметрлерді өзгерту, есептерді басып шығару
немесе принтер үшін көмек алу мақсатында да
басқару тақтасын қолдануға болады.
Кеңес: Принтер параметрлерін принтердің
бағдарламалық құралын немесе енгізілген
веб-серверді қолдану арқылы өзгертуге
болады. Осы құралдар туралы қосымша
ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулығын табу
туралы ақпаратты осы беттегі «Пайдаланушы
нұсқаулығы қайда?» бөлімінен қараңыз.
31
Қа
зақша
Принтерді қолдану