HP Officejet 6600 - Веб-қызметтер

background image

Веб-қызметтер

Принтер компьютерді қолданбай Интернетке жылдам

кіруге, құжаттарды алуға және жылдамырақ және

қиындықсыз оларды басып шығаруға көмектесуі мүмкін

жаңашыл, вебке қосылған шешімдерді ұсынады.
Принтер келесі веб-қызметтерді қамтиды:

HP ePrint

HP ePrint — кез келген жерге, кез келген уақытта

Интернет арқылы қосылған принтерде басып

шығару мүмкіндігін беретін HP компаниясының тегін

қызметі. Принтерде веб-қызметтер қосылған кезде,

электрондық поштаны принтерге тағайындалған

электрондық пошта мекенжайына жіберу сияқты

қарапайым. Ешбір арнайы драйвер немесе

бағдарламалық құрал қажет етілмейді. Электрондық

поштаны жібере алатын болсаңыз, HP ePrint қызметін

қолданып кез келген жерде басып шығаруға болады.
(www.eprintcenter.com) торабына тіркелгі алу үшін бір

рет жазылғаннан кейін, HP ePrint жұмыс күйін қарап

шығу, HP ePrint принтер кезегін басқару, басып шығару

үшін кімнің HP ePrint электрондық мекенжайын

қолдана алатынын бақылау және HP ePrint қызметінен

анықтама алу мақсатында тіркелуге болады.

Принтер бағдарламалары

Принтер бағдарламалары принтерден тікелей алдын ала

пішімделген веб-мазмұнды оңай орналастыруға және

басып шығаруға мүмкіндік береді. Құжаттарды вебте

сандық түрде де сканерлеуге және сақтауға болады.
Принтер бағдарламалары жанұя әрекеттері, жаңалықтар,

саяхат, спорт, ас әзірлеу, фотосуреттер және т.б. үшін

дүкен купондарынан алынған кең ақымды мазмұнды

береді. Тіптен таңдамалы фотосурет тораптарынан

желідегі суреттерді қарап шығуға және басып шығаруға

болады.
Сондай-ақ, принтер бағдарламалары принтерге

бағдарлама мазмұнын жеткізуді жоспарлауға мүмкіндік

береді.
Принтерге арналған арнайы жасалған алдын ала

пішімделген мазмұн ешбір қиылған мәтіннің немесе

суреттердің және мәтіннің бір жолында ешбір қосымша

беттердің болмауын білдіреді. Кейбір принтерлерде

басып шығаруды алдын ала қарау экранында қағазды

және басып шығару сапасының параметрлерін таңдауға

болады.
Мұны тіптен компьютерді қоспай-ақ орындауға болады!

Ескертпе: Веб-қызметтерді қолдану үшін

принтердің сымды (Ethernet) немесе сымсыз

қосылымды қолдану арқылы Интернетке қосылған

болуы қажет. Принтер USB кабелі арқылы қосылған

болмаса, осы веб-мүмкіндіктерді қолдана алмайсыз.

Веб-қызметтерді орнату

Веб-қызметтерді НР принтерінің бағдарламалық құралын

орнатқан кезде теңшеуге болады.

Ескертпе: НР принтерінің бағдарламалық

құралын әлдеқашан орнатқан болсаңыз, теңшеу

нұсқауларын пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

1. НР бағдарламалық құрал ықшам дискін компьютерге

орналастыру үшін экрандағы нұсқауларды

орындаңыз.

Ескертпе: Орнатылым кезінде кез келген

хабарламаларды көрсететін компьютерде

желіаралық қалқан бағдарламалық құралы

болса, хабарламалардағы «әрқашан рұқсат

беру/мүмкіндік беру» параметрін таңдаңыз. Осы

параметрді таңдау компьютерде бағдарламалық

құралды сәтті орнатуға мүмкіндік береді.

2. Амалдық жүйе үшін нұсқауларды орындаңыз:

Windows: Сұралғанда Сеть (Ethernet/

Беспроводное соединение) (Желі (Ethernet/

Сымсыз қосылым)) параметрін таңдап, экрандағы

нұсқауларды орындаңыз.

Mac OS X: Бағдарламалық құрал ықшам дискісіндегі

Инсталлятор HP (НР орнату құралы) белгішесін

екі рет нұқып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

3. Сымсыз желіге қосылған болсаңыз, сымсыз желі аты

мен құпия сөзін (сұралғанда) енгізіңіз.

4. Сұралғанда келесі әрекетті орындаңыз:

Веб-қызметтерді пайдалану шарттарын

қабылдаңыз.

Принтердің өнім жаңартуларын автоматты түрде

тексеруін және орнатуын қосыңыз.

Интернетке қосылғанда желі прокси параметрлерін

қолданатын болса, осы параметрлерді енгізіңіз.

5. Принтер мәліметтер бетін басып шығарғаннан кейін,

орнатуды аяқтау үшін нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе: Мәліметтер беті HP ePrint

мүмкіндігін қолданатын құжаттарды басып

шығару үшін пайдаланылатын электрондық

пошта мекенжайын да қамтиды. Қосымша

ақпарат алу үшін «Веб-қызметтерді қолдану»

бетінде 33 бөлімін қараңыз.

Қосымша үйрену!

HP ePrint параметрлерін басқару және теңшеу,

сондай-ақ, ең соңғы мүмкіндіктерді үйрену

туралы қосымша ақпаратты ePrintCenter

(www.eprintcenter.com) торабынан қараңыз.

background image

33

Қа

зақша

Принтерді қолдану

Веб-қызметтерді қолдану

Төмендегі бөлімде веб-қызметтерді пайдалану әдісі

сипатталған.

HP ePrint қызметін қолданып басып шығару

HP ePrint қызметін қолданып құжаттарды басып шығару

үшін келесі қадамдарды аяқтаңыз:
1. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда

электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз.

Ескертпе: Компьютерде немесе мобильді

құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын

қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін

бағдарламамен берілген құжатты қараңыз.

2. Жаңа электрондық пошта хабарламасын жасап,

басып шығарылатын файлды тіркеңіз. HP ePrint

қызметін қолдану арқылы басып шығарылуы мүмкін

файлдардың тізімін, сондай-ақ, HP ePrint қызметін

қолданған кезде орындалатын нұсқаулықтарды «HP

ePrint нұсқаулықтары» бөлімінен қараңыз.

3. Электрондық пошта хабарламасының «Кімге»

жолына принтердің электрондық пошта мекенжайын

енгізіп, электрондық пошта хабарламасын жіберу

үшін параметрді таңдаңыз.

Ескертпе: Принтер электрондық пошта

мекенжайының электрондық пошта

хабарламасының «Кімге» жолында тізімделген

жалғыз мекенжай екенін тексеріңіз. «Кімге»

жолында басқа электрондық мекенжайлар

тізімделген болса, жіберілетін тіркемелердің

басып шығарылмауы мүмкін.

Принтердің электрондық пошта

мекенжайы дегеніміз не?

HP ePrint электрондық пошта мекенжайын алу

үшін Басты экранда

(HP ePrint) түймешігін

басыңыз.

Қосымша үйрену!

ePrintCenter мүмкіндігі арқылы принтер

бағдарламаларын басқаруға болады. Принтер

бағдарламаларын қосуға, теңшеуге немесе жоюға

және олардың принтер дисплейде көріну тәртібін

теңшеуге болады.

Ескертпе: ePrintCenter мүмкіндігінен принтер

бағдарламаларын басқару үшін, ePrintCenter

торабында тіркелгі жасап, принтерді

қосыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін, www.eprintcenter.com

веб-торабына өтіңіз.

HP ePrint нұсқаулықтары

Электрондық пошта мен тіркемелердің ең

үлкен өлшемі: 5 МБ

Тіркемелердің ең үлкен саны: 10

Қолдау көрсетілетін файл түрлері:

- PDF
- HTML
- Қалыпты мәтін файлының пішімдері
- Microsoft Word, PowerPoint
- PNG, JPEG, TIFF, GIF, BMP сияқты

кескін файлдары

Ескертпе: HP ePrint құралымен

файлдардың басқа түрлерін қолдана

алуыңыз мүмкін. Дегенмен, НР

принтердің басқа файл түрлерін басып

шығаратынына кепілдік бермейді,

себебі олар толығымен сынақтан

өткізілмеген.

Принтер бағдарламаларын қолдану

Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Приложения

(Бағдарламалар) түймешігін басып, қолданылатын

принтер бағдарламасын нұқыңыз.

background image

34

Қа

зақша

Принтерді қолдану

Веб-қызметтерді жою

Веб-қызметтерді жою үшін келесі қадамдарды

аяқтаңыз:
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде

(HP ePrint) түймешігін басыңыз.

2. Параметры (Параметрлер) қойындысын нұқып,

Удалить веб-сервисы (Веб-қызметтерді жою)

түймешігін басыңыз.